Қытай азаматы Қазақстан аумағына заңсыз ақша алып өтіп бара жатқан жолында қолға түсті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан-Қытай шекарасында жарияланбаған ақшаны заңсыз алып өтпек болған азамат ұсталды, деп хабарлайды ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі.

Мақаншы шекара отрядына қарасты «Бақты авто» бақылау-өткізу бекетінің шекара наряды 67 жастағы Қытай азаматын ұстады.

Аталған азамат Қытай елінен Қазақстанға жаяу келе жатқан. Оның жеке басын қараған кезде одан 10 000 АҚШ доллары, 40 000 теңге, 1 535 юань (КНР) шыққан.

Аталған дерек бойынша Шығыс Қазақстан облыстық Үржар аудандық құқыққорғау органдары хабарландырылды.