«Еліміздің шығысындағы қазақ-қытай шекарасында орналасқан «Қорғас» бақылау-өткізу бекетінің шекарашылары біздің елімізден көрші елге салмағы жарты тоннадан астам тауарды заңсыз жолмен алып өтуге әрекеттенген Қытай азаматын ұстады», - делінген хабарламада. .
Оның автомашинасын шекаралық қарау кезінде қажетті құжатсыз келе жатқан 699 килограмм зат анықталды. Оның ішінде, 303 кг - автомобильдің қосалқы бөлшектері, 396 кг. - халық тұтынатын тауарлар, және басқа да заттар болған.
Аталған дерек бойынша құқық қорғау органдары хабарландырылды.