Қытай азаматы Ресейден адамшөп пен аю азуын заңсыз өткізбек болды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытай азаматы Ресейден ҚХР-ға жалпы құны шамамен 1,5 миллион рубльді құрайтын адамшөп тамырлары мен аюдың азу тістерін аяғына скотчпен байлап, заңсыз өткізбек болды.

Бұл туралы Ресей ФҚҚ-нің Приморье өлкесі бойынша Шекара басқармасынан хабарлайды.

«Полтавка» шекарасы арқылы өткізу бекетінде халықаралық бағдарлы автобусты ресімдеу кезінде ҚХР азаматы Хуэйсяннан Ресейден шығаруға тыйым салынған дериваттар табылды. Контрабандалық тауар пакетке салынып, аяққа скотчпен байланған.

Ұсталған азамат осындай қулық әдіспен шекара арқылы жалпы салмағы 540 грамм болған адамшөптің 41 тамыры мен салмағы 46 грамм аюдың екі азу тісін өткізбек болған», - делінген хабарламада.

Алынған жүкті сарапшылар 1, 481 миллион рубльге бағалады.