Қытай басшылығы Б.Обаманы АҚШ президенті лауазымына қайтадан сайлануымен құттықтады

БЕЙЖІҢ. 7 қараша. ҚазАқпарат - ҚХР төрағасы Ху Цзиньтао және ҚХР Мемлекеттік кеңесінің премьері Вэнь Цзябао Барак Обамаға оның АҚШ президенті лауазымына қайтадан сайлануына байланысты құттықтау жеделхаттарын жолдады.

Бұл туралы бүгін кезекті баспасөз мәслихатында ҚХР СІМ-нің ресми өкілі Хун Лэй хабарлады.

Қытайлық дипломаттың айтуынша, соңғы төрт жыл бойы екі тараптың күшімен қытайлық-американдық қатынастар жақсы дамыды.

Қытай аймақтың және әлемнің екі халқының мүддесі тұрғысында АҚШ-пен әріптестік қарым-қатынасты алға жылжыту және дамыту үшін бірлескен жұмысты жалғастыруға дайын, деп атап өтті қытайлық дипломат.

ҚазАқпарат тілшісіне берген сұхбатында ҚХР Сыртқы істер министрінің орынбасары Чэн Гопин бүгінде сайлаудың алдын ала қорытындылары жарияланғанын айтты, оған сәйкес Барак Обама өзінің қарсыласынан айтарлықтай озып келеді.

Ол Қытайда ҚКП-ның 18 съезі ашылып отырғанын, онда партияның жаңа басқарушы құрамы сайланатынын атап өтті. «Қытай мен АҚШ - әлемнің екі алып державасы, осыған байланысты олардың өзара қарым-қатынастарының беталысы бүкіл әлемнің назарында», - деді Чэн Гопин.

«Қытайдың жоғарғы партиялық және мемлекеттік құрамындағы кадрлық өзгерістерге қарамастан, біздің сыртқы саясатымыздың сабақтастығы сақталады», - деп атап өтті ол.