Бұл Қытай мен Ресей арасындағы жолдағы уақытты екі күнге дейін қысқартпақ. Жаңа жолбағыт Қазақстан арқылы өтеді деп жоспарлануда. Ресей темір жолдары вице-президенті Александр Мишарин де бұдан бұрын осы перспективалы жоба жөнінде айтқан болатын. «Біз жаңа көлік желісін құрамыз, оны ауқымы мен маңызы жағынан Суэц арнасы құрылысымен салыстыруға болады», деп мәлімдеді сонда шенеунік. Оның айтуынша, бір астанадан екіншісіне жету үшін жолға 30 сағаттай уақыт кетеді.
Сондай-ақ жақында Ресей көлік министрлігі, РТЖ, ҚХР-дың даму және реформа жөніндегі мемлекеттік комитетінің және «Қытай темір жолдарының» өкілдері жоғары жылдамдықты теміржол магистралын дамыту саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Жоғары жылдамдықты магистраль құрылысын қытай тарабы қаржыландырмақ, бұл туралы Аспанасты еліндегі дереккөздер де мәлім етті.