2005 жылдан бастап, Авторлық құқық жөніндегі мемлекеттік басқарма өзге де құзырлы органдармен бірлесе отырып, жыл сайын заңсыз жүргізілетін онлайн қызметтермен күрес жүргізді. Акцияның басты нысанасы әдеби, музыкалық, ойын сайттары, видеопорталдар мен софт-порталдар және басқалар болып отыр.
«Авторлық құқық жөніндегі мемлекеттік басқарманың жіті бақылауында тұрған сайттар тізіміне 20 видеопортал, 20 музыкалық сайттар, 8 онлайн-дискілер мен 10 әдеби сайттар кірді»,-деп хабарлады Синьхуа агенттігіне әңгімелесуші.
Оның пікірінше, көп жылдардан бері заңсыз онлайн қызметтерге қарсы жүргізіліп келген науқан өзінің нәтижесін беріп үлгерді.