Қытай билігі «бір отбасы-бір бала» демографиялық саясатын жеңілдетті
14:57, 28 Желтоқсан 2013
АСТАНА. 28 желтоқсан. ҚазАқпарат - Қытай билігі «бір отбасында бір бала» демографиялық саясатының талаптарын жеңілдетті.
Жалпықытайлық жиынның Тұрақты комитетінің бүгін қабылдаған қарарында екінші балалы болу құқығына ата-аналардың біреуі өз отбасында жалғыз өссе ғана ие болуы мүмкіндігі атап өтілген. Бұрын бұл талап ата-аналардың екеуіне де қатысты еді.
«Бір отбасы - бір бала» саясаты Қытайда шамамен 30 жыл бұрын енгізілген болатын.
Жергілікті БАҚ бұл үдерістің қазір халықтың қартаюына соқтырғанын жазуда. Сонымен бірге, мұндай принцип қытай қоғамының едәуір бөлігінің наразылығын да туғызды.