Қытай билігі дауыл салдарынан пойыз қозғалыстарын тоқтатты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытай билігі елдің оңтүстігіне дауылдың жақындап келе жатуына байланысты азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің қажетті шараларын қабылдауда, өңірде пойыз қозғалысы тоқтатылды, мектептер жабылды.

Бұл туралы РИА «Новости» жазды.

Гуандун провинциясындағы «Линьфа» тайфуны көшкін жүру қаупін тудырады деп күтілуде. Осыған байланысты билік провинцияның 15 округіндегі бастауыш және орта мектептерді жабу шешімін қабылдады, деп мәлімдеді Синьхуа агенттігі.

Келесі қуатты "Чан-Хом" тайфуны жұмада Чжецзян және Фуцзянь провинцияларына жетуі мүмкін. Шанхайдан елдің оңтүстігіне жүретін барлық жолаушылар пойызы жұма мен сенбіде тоқтатылады.