China Daily басылымының хабарлауынша, 2017 жылы Шыңжаңда 6 мың шақырымнан асатын жоғары жылдамдықты жол құрылысы басталады.
Одан бөлек, өңірдегі теміржол құрылысына 8,1 миллиард юань бөледі, бұл 2016 жылмен салыстырғанда 50% көп. Өлкедегі азаматтық авиацияны дамытуға арналған инвестициялар да 50% ұлғайып, 4,8% құрады.
Чжан Чуньлиннің айтуынша, ел аумағының алтыдан бір бөлігін алатын өңірде жоғары жылдамдықты жол торабын салу басым міндеттердің бірі болып табылады.