Қытай билігі туристердің Тибетке келуіне тосқауыл қойды

АСТАНА. 8 маусым. ҚазАқпарат - Мұндай шаралар 2012 жылдың 1 шілдесінде Қытай коммунистік партиясының 90 жылдығын мерекелеу кезінде тәртіпсіздіктерді болдырмау мақсатында қабылданып отыр.

Туристік агенттіктер шығындарды есептей келе, тыйым салу тамыздың басындағы буддистік фестиваль басталысымен алынып тасталады деп үміттенеді. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы  euronews.com сайтына сілтеме жасай отырып, хабарлады.

Шетелдік туристерге бұдан бұрын да Тибетке келу оңайға соқпайтын: ҚХР-ға кіру үшін виза алып қана қоймай, қытай билігінің аймаққа ену туралы арнайы рұқсатын алу керек болған. Тибетке саяхат жасағанда туристік топ құрамында келуге ғана рұқсат етіледі.

Айта кетейік, Тибетке келуге шектеу қою ісін Пекин биыл осымен екінші рет енгізіп отыр.