Қытай биологиялық белсенді азықтық қоспалардың шамадан тыс пайдаланылуымен күресті күшейтуде

БЕЙЖІҢ. Тамыздың 5-і. ҚазАқпарат /Руслан Сүлейменов/ -Қытайдың Денсаулық сақтау министрлігі мен басқа да тиісті ведомстволар Тамақ өнімдеріне азықтық емес заттарды заңсыз қосумен және биологиялық белсенді қоспалардың шамадан тыс пайдаланылуымен күресті күшейту жөніндегі іс-шаралардың бағдарламасын дайындады.

Бұл туралы «Синьхуа» агенттігі хабарлады.

Бұл бағдарламаға сәйкес, жоғарыдағы заңсыздықтар анықталған кәсіпорындардың тізімі көпшілікке жария етілетін болады. Сондай-ақ азыққа жарамды ауыл шаруашылығы өнімдерін өсіру, оларды өңдеу және тамақ өнімдеріне айналдыру саласын бақылау шарасы қатайтылады. Оған қоса, мүдделі қызметтер биологиялық белсенді қоспаларды басқарудың стандарттарын, регламенттері мен нормативтерін әрі қарай жетілдіруге дайындалу үстінде.