«Бір белдеу, бір жол» бастамасы аясындағы халықаралық серіктестікті дамытуде бірлескен кеңес, бірлескен құрылыс, бірлесе пайдалану принциптеріне сүйенеміз»,-деді ол.
Ли Кэциянның айтуынша, Қытайдың алға қойған мақсаты елдің батысындағы шекаралық аудандарының ашықтық деңгейін жоғарылатып экономикалық серіктестік кеңістігін ұлғайту. Қытай өндірісі мен қызметін шетелге шығаруды ынталандыру. Сонымен қатар ол халықаралық көлік дәліздерін күшейтіп «Бір белдеу, бір жол» бағдарламасына қатысушы елдер арасындағы кедендік ынтымақтастыққа күш салудың қажеттілігін баса айтты.
Өтіп жатқан сессияда Қытай елі үшін аса маңызды шешімдер қабылданбақ.