деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Шыны керек, қазіргі кезде біздің Қытайға астық тасымалдау саласындағы әлеуетіміз төмендеу болып тұр. Оның орташа көрсеткіші - 1-2 млн. тонна», деді А. Мамин.
Осы орайда Үкімет басшысы өзінің орынбасары Өмірзақ Шөкеевке Қытайда өтетін арнайы кеңесте осы және басқа да мәселелерді жан-жақты талқылауды тапсырып, «Қытай біз үшін таусылмайтын тұтынушы. Сондықтан біз осы бағыттағы инфрақұрылымды барынша дамытуға тиіспіз», деді.