АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүкіләлемдік бокс сериясының (WSB) топтық кезеңі барысында 14 сәуір күні «Қытай айдаһарларына» қарымта кездесу өткізетін «Астана арландарының» құрамы белгілі болды, хабарлайды ҚазАқпарат.
Ертең, яғни 14 сәуір күні «Қытай айдаһарларына» қарсы 52 келі салмақта Сәкен Бибосынов, 60 келі салмақта Әлімжан Бескемпір, 69 келі салмақта Асланбек Шымбергенов шаршы алаңға шығады. Ал 81 келіде Бек Нұрмағанбет ел намысын қорғаса аса ауыр салмақта Нұрсұлтан Аманжолов сынға түседі.
Естеріңізге сала кетейік, «Астана арландары» «Қытай айдаһарларына» қарсы өткізген алғашқы жекпе-жегінде 5:0 есебімен ойсырата жеңген болатын.
Алғашқы айқас Қытайдың Гуйянг қаласында өтсе, қарымта жекпе-жек Таразда өтеді.
Күнсұлтан Отарбай
Еуразия Ұлттық университетінің түлегі. Республикалық «Қазақ спорты», «Sport» газеттерінде қызмет атқарған.
2014 жылғы Сочи, 2016 жылғы Рио-Де Жанейро, 2017 жылғы Инчхон және 2024 жылғы Париж Олимпиадасында, сонымен қатар бір қанша Қысқы және Жазғы Азия ойындарынан, әлем біріншіліктеріне барып тікелей хабар таратқан журналист.
Сейдақмет Бердіқұлов атындағы арнайы сыйлықтың лауреаты.