Қытай БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің Солтүстік Корея бойынша қатаң қарар қабылдауына наразы

БЕЙЖІҢ. Маусымның 12-сі. ҚазАқпарат /Талғат Баймұхамбетов/ - Қытай тарабы, Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік кеңесі Корей түбегін денуклеаризациялау мүддесіне жауап беретін және Солтүстік-Шығыс Азиядағы бейбітшілік пен тұрақтылыққа қолдау болатын салмақты және теңестірілген қарар қабылдауы керек,

деп пайымдайды. Бұл туралы бейсенбі күні Бейжіңде өткен брифингте Қытай Халық Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Цинь Ган мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.Цинь Ган өз сөзінде, «БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің қарарын талқылауға қытай тарабының қатысудағы мақсаты мен басты міндеті - Корея түбегін денуклеаризациялау үдерісіне және аймақтағы бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтауға қолдау көрсету» екенін атап көрсетті.