Қытай Черкизов базарының жабылуына алаңдаушылық танытты

МӘСКЕУ. Шілденің 17-сі. ҚазАқпарат - Қытайда Мәскеудегі Черкизов базарының жабылуына алаңдаушылық танытты,

деп хабарлайды ҚазАқпарат Утро.ру сайтына сілтеме жасап.

Осы елдің сыртқы істер министрлігі соңғы оқиғаларға байланысты алаңдаушылығын білдірді. СІМ өкілдері сонымен қатар, ресейлік тарапты Ресейдегі қытайлық азаматтар мен жүктердің кедергілерге тап болып отырған мәселелерін әділ және ұтымды шешуге шақырды.

Қытайдың дипломатиялық ведомствосының консулдық бөлімі осы мәселе бойынша ресейлік тарапқа тиісті хабарлама жасады.