Қытай Цин әулетінің қазынасын Тайваньға уақытша бере тұрмақшы

АСТАНА. Қыркүйектің 23-і. ҚазАқпарат - Қытай Цин әулетінің қазынасынан бірлескен көрме ұйымдастыру үшін Тайваньдағы мұражайға 40-қа жуық баға жетпес өнер бұйымдарын бере тұратынын мәлімдеді,

 деп хабарлайды ҚазАқпарат Утро. Ру сайтына сілтеме жасап.

Қытай мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдары бұдан 60 жыл бұрын Қытайда болған азамат соғысынан бергі уақыттағы императорлық жиынтықтардың алғаш рет біріктіріліп отырғанын атайды. Тайбэйдегі көрме қазан айында ашылуы тиіс.