«Қытай Украина дағдарысын саяси тұрғыдан реттеу мәселелері бойынша барлық тараппен пікір алмасу үшін Украина мен басқа да елдерге ҚХР үкіметінің Еуразия істері жөніндегі арнайы өкілін жібереді», - деп келтірілген Си Цзиньпиннің сөзі сәрсенбі күні ҚХР СІМ таратқан баспасөз хабарламасында.
Си Цзиньпин Украина дағдарысының күрделі эволюциясы халықаралық жағдайға әсер етіп жатқанын атап өтті. Қытай әу бастан бейбітшілікті қалайды. Украина дағдарысына қатысты Қытай ұстанымы – татуласу мен келіссөз жүргізуге ықпал ету.
«Дағдарыстан шығатын жалғыз жол – диалог пен келіссөз. Ядролық соғыста жеңімпаз болмайды. Тараптар салқынқанды болып, ядролық қару мәселесінде ұстамдық танытуы керек, өз болашағы мен адамзаттың тағдыры үшін дағдарысты бірге басқаруы қажет», - деп мәлімдеді Қытай басшысы.
«Қытай алдағы уақытта да бейбіт келіссөздерге жағдай жасап, оқ атуды тезірек тоқтатып, бейбітшілік орнатуға күш салады», - деді ол.