Қытай данышпандарды өсіріп шығармақ
19:36, 29 Мамыр 2009
МӘСКЕУ. Мамырдың 29-ы. ҚазАқпарат – Қытайдың Чунцин қаласында ең талантты елу жасөспірімнен тектік сынама алу әдісімен данышпандар тәрбиелеп өсірмек,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Утро.ру агенттігіне сілтеме жасап. Тектік байқауға өтінімдер тапсыру бүгін басталды.Сынамалар мыңдаған жасөспірімдерден алынып, Шанхайға жіберілмек, онда мамандар байқауға қатысушыларды 13 өлшем бойынша сыннан өткізеді. Олар зияткерлік әлеуеті, сезімдері және спорттық мүмкіндіктері және басқа да ерекшеліктері деңгейі бойынша бағаланбақ. Байқау жеңімпаздары арнайы «Балалар сарайында» білім алады.