Қытай дүкендерін Димаштың суреті бейнеленген заттар жаулап алды

Фото: None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайдың сауда дүкендерін Димаштың суреттері бейнеленген заттар жаулап алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қытайдағы ең үлкен  alibaba интернет дүкендерінде Димаштың суреті бейнеленген алқа-моншақтар, білезік, сағат, күнтізбе секілді әр түрлі бұйымдар салынуда.
        

Димаш Құдайбергенов киген киім үлгілердің де сауданың көркін қыздырып тұрғанын байқауға болады.
 

Димаштың жанкүйерлеріне арнап, әншінің суреті басылған жастықтың неше түрі жасалған.
    

Еске салайық,  Қытайдың танымал «Singer» телешоуына қатысып жатқан отандасымыз байқаудың алғашқы екі кезеңінде жоғары өнер көрсетіп, Аспанасты елін аузына қаратқан болатын. Әншінің қатысуымен өтетін келесі көрсетілім ертең, 4 ақпан күні эфирге шығады.

      

 

 

Соңғы жаңалықтар