Қытай ел ішінде валюта сатуға шектеу енгізді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытай билігі юаньға қысымды азайту және капиталдың сыртқа жылыстауын қысқарту үшін ел тұрғындары мен компанияларға валюта сатуға шектеу енгізді, деп хабарлайды vestifinance.ru.

The Financial Times-тің хабарлауынша, Қытайдың басты реттегіші Шэньчжэн және Шанхай банктарына осы қалалардағы АҚШ долларына және гонкондық долларға деген тұрғындар мен компаниялар сұранысының күрт өскендігіне байланысты валюта сатуды шектеу жөнінде нұсқау берді, деп мәлім етті банк өкілдері.

Шектеу жеке тұлғалар мен корпоративтік клиенттерге қатыысты болып отыр. Сондай-ақ жылына 50 мың доллар сатып алуға рұқсат беріледі.