Қытай электр қуатымен ұшатын жаңа тікұшақ жасап шығарды
03:11, 03 Қараша 2017
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бейсенбі күні Қытайда жаңа электротікұшақ сынақтан өткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.
Шэньян авиация және космонавтика университетінде құрастырылған RX1E-A модельді тікұшақ екіорындық. 2 қараша күні Шэньян қаласының Цайхун аэродромында ол алғашқы сынағынан өтті.
Бұған дейінгі электромоторлы тікұшақпен салыстырғанда оның ұшу ұзақтығы 45 минуттан 2 сағатқа дейін ұзартылды. Сондай-ақ онда парашют пайда болды.
Агенттіктің хабарлауынша, бұл Қытайдың жалпы мақсаттағы электромоторлы авиация саласындағы кезекті серпілісі.