Қытай елінде тұратын қандасымыз, айтулы айтыс ақыны Еркін Ілиясұлы өмірден озды

ҮРІМЖІ. 29 маусым. ҚазАқпарат - Қытай қазақтарының айтулы айтыс ақыны, арда Алтайдың дарынды ұлы Еркін Ілиясұлы 28 маусым күні жол апатынан дүниеден озды.

Марқұм 1965 жылы 23 тамызда Алтай аймағына қарасты Буырылтоғай ауданының Қарамағай ауылында туылған. Қытай қазақтарының айтыс сахнасына өзіндік даралықпен келген Еркін отты жыр, өрелі ұйқастарымен қазақтың айтыс мәдениетіне мәйек қосты.

 Еркін Ілиясұлына ШҰАР-дың, Іле Қазақ Автономиялы облысының, Алтай аймағының «Құрметті ақын» атағы берілген.

Ақынның қазасы жайлы Үрімжі қаласындағы Шыңжаң газетінің тілшісі Қалиакбар Үсемқанұлы хабарлады.