Ерекше заттар "Жетісу" кедендік бекеттің және Кедендік бақылау департаментінің контрабандамен күрес басқармасының қызметкерлерімен анықталған. Заттар жалған ақша жасауға арналған деген күдікті растау үшін, контрабандамен күрес басқармасы сәлемдемені алушыға қатысты жедел іздестіру шараларын ұйымдастырған. Ал табылған заттар ҚР Ұлттық банкіне тексеруге жіберілген.
Ұлттық банктің қорытындысынан кейін, бұл заттар жалған ақша жасауға арналған жабдық екені белгілі болған.
Қазіргі таңда бұл жағдайға байланысты қылмыстық іс қозғалған, ал істің құжаттары Алматы қаласының экономикалық және жемқорлықпен күрес департаментіне тапсырылған.