ҚР СІМ-нен мәлім еткендей, кездесу барысында маңызды тақырыптар көтерілді. Атап айтқанда, ҚХР-да тұратын туыстарымен қайта қосылуларына жәрдемдесу туралы Қазақстан азаматтарының өтініштері талқыланды.
«Елші Чжан Сяо өтініш білдіргендердің туыстары ҚХР азаматтары екенін және ел заңнамасын бұзуына орай жазаларын өтеп жатқанын хабарлады.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар халықаралық құқық қағидаттарына сәйкес консулдық қызметтер желісі бойынша бірлескен жұмысты жалғастыруға келісті», - деді ҚР Сыртқы істер министрлігінен.