Қытай елсіз аралдарды жалға беруде

АСТАНА. 13 сәуір. ҚазАқпарат - ҚХР басшылығы адам аяғы баспаған аралды 50 жылға жалға беруге дайын екендігін мәлімдеді.

Бұл жөніндегі өкімдер 13 сәуір күнгі мемлекеттік БАҚ-тарда жарияланған, деп хабарлайды Утро.ru.

Мұхитты зерттеумен айналысатындардың ұлттық басқармасында 176 адам аяғы баспаған аралдардың тізімі жарияланған. Оларды билік таяу мерзімде жаңа иелеріне жалға беруі әбден мүмкін. Басқарма өкілдерінің айтуынша, ерекше ұлттық деңгейде қорғалмаған, көлемі 500 шаршы шақырымнан кем емес аралдар жеке меншікке елу жылға берілуі ықтимал.