Қытай энергетиктері Алматы облысында желмен жұмыс жасайтын электр стансылары құрылысын қаржыландыруға дайын

ТАЛДЫҚОРҒАН. 17 қараша. ҚазАқпарат /Сандуғаш Дүйсенова/ - Қытайлық энергоқұрылысшылар Жоңғар қақпасы ауданы мен Шелек дәлізінде жел электрстансыларының құрылысына 1 млрд. доллар құюға дайын, деп хабарлады дүйсенбі күні өткізілген «Жетісу» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» Ұлттық компаниясы» АҚ даму стратегиясы» бағдарламасының тұсаукесері барасында осы компанияның басқарма төрағасы Бақыт Атайбеков.

Оның айтуынша, мұндай тілекті қытайлық «ТВЕА» құрылыс компаниясы білдіріп отыр. Бұл фирма Азияның көптеген елдерінде, оның ішінде Тәжікстанда, Пәкістанда, Түркияда энергокешендер салуға тартылған, бұл елдерде ол бірнеше аса қуатты жылу- және жел электрстансыларын табысты салды.

Құрылыс мерзімі 2016 жылға дейін есептелген.