«Қытай-Еуразия» V көрмесіне 57 елден 2 мыңнан астам компания қатысады

АСТАНА. ҚазАқпарат - 20-25 қыркүйек аралығында Үрімжіде (Шыңжан-Ұйғыр автономиялық ауданы, солтүстік-батыс Қытай) «Қытай-Еуразия» V көрмесі өтеді, деп хабарлады Silkroadnews.

Ашылу рәсімі 20 қыркүйекте өтеді. Көрмеге 2192 компания қатысады, шет елдерден және Сянгань, Аомэнь, Тайваннан 418 компания мен кәсіпорын келеді. Бұл алдыңғы көрмемен салыстырғанда 214% көбірек. Қатысушы мемлекеттер мен аудандардың саны да 19% өсіп, биыл 57-ні құрады. Беларусь EXPO-ның басты құрметті қонағы ретінде қатысады және оның павильон аумағы 360 шаршы метр.

Мұнда министрлік деңгейінде 15 форум және мәселелерді кең талқылау үшін өзге де арнайы іс-шаралар өткізу жоспарланған.