«Қытай-Еуропа» онлайн теміржол порталы ресми түрде іске қосылды

Ляньюньган қаласында (Қытайдың Цзянсу провинциясы) басталған теміржол көлігі саласындағы Қытай-Еуропа ынтымақтастық форумында «Қытай-Еуропа» онлайн теміржол порталы ресми түрде іске қосылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қытай-Еуропа» онлайн теміржол порталы Қытай-Еуропа бағытындағы пойыздар туралы ақпарат алмасу үшін ынғайлы платформаны және ақпарат интеграциясын қамтамасыз етеді. Қытай ұлттық теміржол тобы әзірлеген веб-сайт қытайлық және шетелдегі тұтынушылар үшін «бір терезе» қағидаты бойынша кешенді қызмет ұсынады. Платформа «Қытай-Еуропа» жедел жүк тасымалы қызметтерінің ресми жаңалықтары мен статистикасын жариялайды, сондай-ақ сыртқы сауда кәсіпорындары мен логистикалық платформалар үшін халықаралық сауда және жеткізу тізбегі қызметтерін жүзеге асыру үшін нұсқаулық береді.


Сондай-ақ, онлайн-портал тұтынушыларға тәулік бойы диспетчерлік қызмет көрсету, теміржол көлігін сақтандыру және басқа да мамандандырылған қызметтер ұсынады.Қытайдың статистикалық мәліметінше, Қытай-Еуропа теміржол бағыты Еуропаның 25 еліндегі 217 қаланы қамтиды. Осы уақытқа дейін пойыздар оның бойымен 77 мың рет жүріп өтіп, екі бағыт бойынша жалпы құны 340 млррд доллардан асатын 7,3 млн тонна жүк тасымалдаған.Форумда Қытай билігі «Қытай-Еуропа» бағыты бойынша жүретін контейнерлік пойыздардың арқасында Еуразия континентінде халықаралық тасымалдаудың жаңа архитектурасы жасалғанын, сауда-экономикалық ынтымақтастықтың баламалы алаңы қалыптасқанын, бұл өз кезегінде өндіріс пен жеткізілімдердің жаһандық тізбегінің тұрақтылығын сенімді қамтамасыз етуге және әлемдік экономиканың дамуына жаңа серпін бергенін мәлімдеді.Қытай тарапы жаһандық экономиканы жандандыру үшін «Қытай-Еуропа» экспресінің тиімділігін арттыру мақсатында «Жібек жолы» рухында ынтымақтастық орнатуды мақсат етіп отыр.Еске сала кетсек, 2014 жылы Ляньюньгандағы қазақстандық терминал іске қосылғаннан бері қазіргі уақытқа дейін 1,6 млн астам контейнер тасымалданған. Терминал Оңтүстік-Шығыс Азия және Азия-Тынық мұхиты аймағы елдерінен Қазақстанға, оның аумағы арқылы Еуропа елдеріне де, сондай-ақ қарама-қарсы бағытта да қатынайтын жүктерді өңдеуді қамтамасыз етеді.