Қытай Франция мен АҚШ-тан кейінгі үшінші туристік елге айналды

АСТАНА. 9 қыркүйек. ҚазАқпарат - Туризм жөніндегі бүкіләлемдік ұйым жыл сайын туристерді ең көп баурайтын елдердің ті­зі­мін жасап отырады.

Өткен жылдары Франция, Ис­пания және Италия тізімнің алдында болған. Дегенмен ағымдағы жылы Қытай Испания мен Италияны артқа тастап Франция мен АҚШ-тан кейінгі үшінші туристік елге айналды. Алғаш­қы ондыққа Таиланд емес, Малайзияның ілік­кені де жаңалық болды.