АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайдың Жыжияң университетінің ғалымдары 1.1 секундта қуатталатын, суық пен ыстыққа төзімді жаңа типтегі алюминий ــ графен батареясын ойлап тапты.
Бұл туралы «Жэньминь жибао» сайты хабарлады.
Аталған батарея ыстық қа да, суыққа да шыдамды әрі бүктеуге болатын икемділігімен ерекшеленуде.
Оның бір беті графен жұқа қабыршақты, екінші беті түсті металл. Екі дана батареяны бір біріне жалғасаңыз LED шырағын жандырмақ. Ал қуаттау сиымдылығы 120mAh/g. 250 мың рет тоқтаусыз жұмыс істегеннен кейін де қосымша 91 пайыз қуат күші қалатыны анықталған. Сонымен қатар, бұл батареяны - 40 градус суықтықтан 120 градус ыстыққа дейін қолдануға болады.
Ризабек Нүсіпбекұлы
«Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының магистрі.
2009 жылдан бері "ҚазАқпарат" Халықаралық ақпарат агеніттігінде қызмет атқарады.
"ҚазАқпарат" Халықаралық ақпарат агенттігін дамытуға қосқан үлесі үшін және еліміздің ақпарат саласына сіңірген еңбегі үшін «Күміс бітікші» медалінің иегері.
Халықаралық, Республикалық жыр мүшәйраларының жүлдегері.