Қытай ғалымдары обыр жасушаларын жоятын вирусты тапты

БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат - Қытайлық БАҚ-тардың хабарлауынша, ҚХР ғалымдары обыр жасушаларын жоюға қабілетті М1 вирусын анықтады. Оның адам денсаулығына еш зияны жоқ.

Гуандун провинциясының Гуанчжоу қаласында аталған жобамен айналысатын ғылыми топтың жетекшісі Сунь атындағы университеттің жанындағы медициналық мектептің профессоры Ятсен Янь Гуанмэй болып табылады. Жануарларға жүргізілген зертханалық зерттеулер вирустың бауыр, қуық, тоқ және тік ішектегі обыр жасушаларына қарсы тиімді екенін көрсетті. Қазір алынған нәтижелер негізінде онкологиялық аурулар терапиясының жаңа әдістері өңделуде. 2013 жылғы мәліметтер бойынша, Қытайда обырдың түрлі формаларымен 3,09 млн. адам ауырған. Ал 2010 жылы осы қауіпті дерттен ҚХР-дың 1,96 млн. азаматы көз жұмған.