Ұшырылым Сичан (Қытайдың оңтүстік-шығысы, Сычуань провинициясы) ғарыш айлағынан жүзеге асырылды. Аппаратты «Чанчжэн-3-си» (Long March-3C) зымыран тасығышы алып ұшты.
«Бэйдоу» - өңірлік навигациялық жерсеріктер жүйесі, оны Қытай 2000 жылы қолға алған. Қазіргі уақытта орбитаға 23 жерсерік шығарылды. Олар ҚХР аумағын және көрші елдер мен Азия-Тынықмұхит аймағы аудандарындағы географиялық координаттарды анықтауға мүмкіндік береді.
Қытай осы бағыттағы жерсеріктерін 2020 жылға қарай 35 аппаратқа жеткізуді көздеп отыр.