Қытай халық банкі долларға шаққандағы юань бағамын төмендетті

Фото: None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытай халық банкі долларға шаққанда 6,5935 юаньға дейін 279 базистік тармаққа юань бағамын төмендетті, деп хабарлады ТАСС.

2015 жылғы тамыздан бастап Қытай орталық банкі Қытай сыртқы саудасындағы оң сальдоны, сондай-ақ басқа елдердің валютасына қатысы бойынша юанның мықты ұстанымын есепке алып, валюталық бағамның «есеп әдіснамасын оңтайландыру» шешімін жариялаған.

Қазіргі уақытта бір күнде айырбас бағамының ауытқуы 2 пайызды құрайды.