Қытай Халық Республикасының жаңа төрағасы сайланды

БЕЙЖІҢ. 14 наурыз. ҚазАқпарат - ҚКП ОК-нің бас хатшысы Си Цзиньпин Қытай мемлекетінің жаңа басшысы - ҚХР-дың төрағасы болып сайланды.

Сайлау 12-ші шақырылымдағы Халық өкілдерінің бүкілқытайлық жиналысының 1-ші сессиясының төртінші пленарлық отырысы барысында өтті.

ҚХР төрағасы Халық өкілдерінің бүкілқытайлық жиналысының (ХӨБКЖ, жоғары заңнамалық орган) тұрақты комитетімен бірлесіп жоғары мемлекеттік билікті жүзеге асырады.

ҚРХ төрағасы 5 жылдық мерзімге сайланады.

ҚХР төрағасы Си Цзиньпин 1953 жылы Шэньси провинциясының Фупин уезінде дүниеге келді. 2012 жылдың қарашасынан - ҚКП бас хытшысы және ҚКП Орталық әскери кеңесінің төрағасы.

ҚКП ОК саяси бюросының мүшесі Ли Юаньчао ҚХР төрағасының орынбасары болып сайланды. Си Цзиньпин ҚХР Орталық әскери кеңесінің төрағасы болып сайланды.

Сессияның ресми бағдарламасына сәйкес, Мемлекеттік кеңестің жаңа премьерін сайлау 15 наурызда өтеді. Естеріңізге сала кетейік, Қытайда 12-ші шақырылымдағы Халық өкілдерінің бүкілқытайлық жиналысының бірінші сессиясы өтуде, ол 17 наурызда аяқталады. Сол күні қытайлық парламенттің депутаттары есептік баяндаманы бекітеді, және бірінші бағдарламалық сөзді мемлекеттің жаңа басшысы сөйлеп, Халық өкілдерінің бүкілқытайлық жиналысы сессиясының жұмысын қорытындылайды және елдің жақын жылдарғы дамуының негізгі бағыттарын айқындайды.