Әуежай кемінде жергілікті уақыт бойынша дүйсенбі күнгі таңғы сағат 08.00-ге дейін жабық болады. Мұнда түстен кейінгі уақыттан бері тоқтатылған әуе рейстерінің саны мыңнан асып кетті. Салдарынан әуежайда жолаушылар көбеюде.
Қытай астанасында, Хэбэй провинциясында, Тяньцзинь қаласында және ішкі Моңғолия автономиялық ауданында кешеден бері жауып тұрған қалың қар көлік қозғалысына кедергі келтіруде. Көптеген жолдар жабылған.