Құрметті Дәурен Кеңесұлы!
«ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігі 95 жылдық мерейтойын атап өтіп жатқанын зор қуанышпен қабылдадым. Сізді және агенттіктің барлық қызметкерлерін осы атаулы оқиғамен құттықтаймын!
Ғасырға жуық тарихында ҚазАқпарат әлемге Еуразияда болған ең маңызды саяси және экономикалық өзгерістер туралы хабарлап келген, әсіресе 1991 жылдан бастап сіздің агенттіктеріңіз бүкіл әлемге Президент Н.Ә.Назарбаевтың басшылығымен Қазақстан Республикасының қол жеткізген тамаша жетістіктері мен үлкен дәрежесі туралы объективті және жан-жақты жариялап отыр.
Биылғы жылдың сәуір айында мен ҚазАқпараттың Алматыдағы бөлімшесіне бардым. Осы сапардың арқасында мен ҚазАқпараттың даму тарихы, хабар тарату ауқымы және халықаралық ынтымақтастығы туралы мағлұмат алдым. Барлығымыз білетіндей, ҚХР мен ҚР - стратегиялық серіктестер, тараптар қытайлық «Жібек жолының экономикалық белдеуін» құру тұжырымдамасы мен Қазақстанның «Нұрлы жол» жаңа бағдарламасын түйістіруге дайын. Осыған байланысты Қытайдың Халықаралық радиосы мен «ҚазАқпарат» ХАА қызметкерлер және жаңалық өнімдерімен алмасу сияқты салаларда ынтымақтастықты кеңейтіп, бағдарламаларды бірлесіп дайындауға қатысуы керек. Осылайша біз Қытай мен Қазақстанның жан-жақты стратегиялық серіктестігін дамытуға бірлесіп үлес қосамыз.
«ҚазАқпарат» Халықаралық ақпараттық агенттігіне даму жолында толағай табыстар тілеймін!
Құрметпен, Қытай Халықаралық радиосының бас директоры Ван Гэннянь.