Суреттер қыркүйектің 2-сінде түсірілген. Оларда Санья қаласының маңындағы Ялунван шығанағында айлақта тұрған екі сүңгуір бейнеленген. Сарапшылардың пікірінше, оның біреуі «Шан» класына жататын сүңгуір қайық екені анық. Екіншісі де сол санатқа жатқызылып отырғанымен, ол суретте анық түспеген. Ұзындығы 110 метрлік «Шан» атомдық сүңгуір қайықтары ескірген «Хань» класына жататын қайықтарды алмастыру үшін жасалған. «Шан» сүңгуірлері заманауи деңгейде қаруланған және құпиялық деңгейі жоғары қайық.
Санья қаласындағы сүңгуір қайықтар базасы 2002 жылдан бері салынып келеді, қазіргі кезде оның құрылысы аяқталып қалған. Батыс сарапшыларының дерегі бойынша, Қытайдың Әскери-теңіз күштері 55 дизельдік субмаринаға ие. Оған қоса ядролық баллистикалық зымырандар ұшыруға арналған үш стратегиялық атомдық сүңгуір қайығы, «Хань» класындағы төрт атомдық субмаринасы және «Шань» класына жататын екі жаңа қайығы бар.