деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Қазақстанда ауқымды ауыл шаруашылығы жері бар. Кезінде бүкіл Кеңес Одағының азық-түлік қоржыны болды. Одақ тараған соң Қазақстан ауыл шаруашылығы жерлерінің көпшілігі пайдаланылмай қалды. Қытай нарығындағы зор сұранысқа орай біз Қазақстанның ауыл шаруашылығын инвестициялауға дайынбыз», дейді Қытай инвестициялық корпорациясының төрағасы әрі президенті Лоу Живей. Оның айтуынша, қытайлық инвесторлар жергілікті бизнес өкілдерімен бірлесіп жұмыс істеуге өте ынталы. Әріптестік барлық тараптарға да пайдалы. Қытай көрші елдің ауыл шаруашылығы саласына өзінің озық технологияларын енгізуге дайын.