Қытайдың көлік министрі Лю Чжицзюнь ағымдағы аптада Тегранға сапар жасайды деп күтілуде. Қыркүйектің 12-сінде келісімшартқа қол қойылады.
13:30, 08 Қыркүйек 2010
Қытай Иранда теміржол салады
АСТАНА. Қыркүйектің 8-і. ҚазАқпарат - Қытай Иранның аумағында теміржол салуға дайын. Жобаның құны 2 миллиард долларға бағаланып отыр, және бұл учаске Таяу Шығыс пен Орталық Азияны байланыстыратын жолдың құрылысындағы алғашқы учаске болмақ, деп хабарлады The Telegraph басылымы.