Қытай ирандық ядролық проблеманың бейбіт жолмен шешілуін қалайды

None
БЕЙЖІҢ. Сәуірдің 2-сі. ҚазАқпарат /Руслан Сүлейменов/ - Қытай Халық Республикасы ирандық ядролық проблеманың бейбіт жолмен шешілуіне күш-жігерін салуды жалғастыра бермек.

Бұл туралы сәуірдің 1-і күні Бейжіңде өткен кезекті баспасөз мәслихатында Қытай Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Цинь Ганн мәлім етті.

Дипломаттың айтуынша, Қытай тарапы Иранның ядролық проблемасына қатысты жағдайға жіті назар аударып, осынау проблеманың лайықты шешілуін ілгерілету мақсатында барлық тараппен қарым-қатынасты күшейтіп отыр. «Қытай тарапы ирандық ядролық проблеманың дипломатиялық жолмен шешілуіне сындарлы күш-жігер салуын жалғастыра бермек», деп атап көрсетті Цинь Ган.