Оның айтуынша, Иранның ядролық бағдарламасы бойынша Венада болған келіссөздер барысында оған қатысушы тараптар (Иран, Ресей, АҚШ, Франция) белгілі бір жетістікке қол жеткізген. «Қытай диалогқа көмек көрсетуді жалғастырады және Иранның ядролық бағдарламасын реттеуде сындарлы рөл атқаратын болады», - деді ол.
20:40, 22 Қазан 2009
Қытай Иранның ядролық бағдарламасын реттеу мәселелеріндегі диалогқа көмектеседі - ҚХР СІМ
БЕЙЖІҢ. Қазанның 22-сі. ҚазАқпарат /Руслан Сүлейменов/ - Қытай Иранның ядролық бағдарламасын реттеу мәселелеріндегі диалогқа көмектесетін болады. Бұл жөнінде бейсенбі күні Бейжіңде кезекті брифинг барысында Қытай Халық Республикасының сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Ма Чао мәлімдеді.