АСТАНА. ҚазАқпарат - Ташкентте ерлер арасында өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында Қытай қазағы Тоқтарбек Таңатхан финалға шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Тоқтарбек Таңатхан 80 келіге дейінгі салмақта испаниялық, түбі ресейлік Газимагомед Джалидовке қарсы келді.
Тартысты өткен бәсекеде қытайлық боксшы төрешілердің басым даусымен жеңіске жетті.
Еске сала кетейік, бүгін Қазақстан құрамасынан Санжар Тәшкенбай, Махмұд Сабырхан, Дулат Бекбауов және ұлттық құрама капитаны Асланбек Шымбергеновтің әлем чемпионатының финалына өткенін, осылайша алтынға таласатынын жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).