деп хабарлайды «Синьхуа» агентттігі.
5 сағат өткен соң құтқарушылар тілсіз жауды ауыздықтады, жалын шарпыған аумақ 2 гектарды құрады. Зардап шеккендер жоқ.
ҚХР Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданы Іле-Қазақ автономды округы өртке қарсы бөлімшелерінің өкілдері айтып өткендей, өрт Қазақстан аумағында басталған, жел күші және сол жердің бедеріне байланысты жалын қытай аумағына тез өтіп кетті. Өртті сөндіру үшін «Қорғас» бақылау-өткізу бекеті, Хочэн және Инин қалалары өртке қарсы қызметінің жеке құрамдары жедел түрде жұмылдырылды.