Кездесу барысында Қытай-Қазақстан- Түрікменстан- Иран (ҚҚТИ) бағдарында жүк тасымалын бәсекеге қабілетті ету мәселесі талқыланды.
Кездесуге қатысушылар ҚҚТИ халықаралық транзиттік дәліз әлеуетінің мүмкіндігін қарастыра келіп, аталмыш бағдарда тұрақты контейнерлік тасымалды тұрақты ұйымдастыру мәселесін талқыланды.
«ҚТЖ» ҰК» АҚ Логистика жөніндегі вице-президенті С. Елубаев контейнерлік қызметті жүргізуге қолайлы жағдай жасау, тұрақты контейнер ағымын ұйымдастыру, жүк базасының тапсырыс берушілерінің жұмысын ұйымдастыру, ҚҚТИ бағдары аумағында бекітілген тарифтік мөлшерлеме қолдану жайы туралы әңгімеледі.
Тараптар ҚҚТИ контейнерлік пойыздарды ұйымдастырудың жауапты операторларын белгіледі. Төртжақты кездесу қорытындысы бойынша тиісті Хаттамаға қол қойылды.
Астанаға келген қонақтар көліктік-логистикалық орталық, «Нұрлы жол» теміржол вокзал кешені қызметімен танысты.