Қытай қазақстандық астықты сыртқа шығарудың перспективалық нарығы болуда - АШМ

АСТАНА. 29 тамыз. ҚазАқпарат - Қазақстандық астықты сыртқа сатудың перспективалық нарығының бірі Қытай Халық Республикасы болып отыр,

деп хабарлады pm.kz сайтына ҚР Ауыл шаруашылғы министрлігінің баспасөз қызметі.

«Қазақстандық астықты экспорттаудың перспективалық бағыты Қытай және оның аумағы арқылы Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің нарығы  болып отыр», - делінген ведомство хабарламасында.

Сондай-ақ, отандық астықты сатудың перспективалық нарықтар қатарында Солтүстік Африка мен Парсы шығанағы да аталуда.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі атап өткендей, әдетте қазақстандық астықты импортқа алатын Орта Азия, Закавказ, Иран және Ауғанстан елдері нарығының 6,5-7 млн тоннаны құрайтын сыйымдылығы Қазақстанның экспорттық әлеуетін толығымен жүзеге асыруды қамтамасыз ете алмайды.

Атап өту қажет, 2012-2013 маркетингтік жылы шамамен 12 млн тонна астықты экспорттау жоспарланып отыр, оның ішінде 9 млн астық және 2,1 млн тонна ұн бар.