Қытай Қазақстанға «Жібек жолы» экономикалық белдеуін құруға қолдау көрсетуге дайын - «Жібек жолы» қоры

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытай Қазақстанға «Жібек жолы» экономикалық белдеуін құруға қолдау көрсетуге дайын. Бұл туралы бүгін VIII Астана экономикалық форумының панельлдік отырысында «Жібек жолы» қорының президенті Ванг Янджи мәлім етті.

Оның сөзіне қарағанда, Қазақстан Қытай үшін өңірдегі ең басым стратегиялық әріптестерінің бірі. Былтыр екі ел арасындағы сауда айналымы 22 млрд. АҚШ долларынан асып жығылған.

«Соңғы жылдары екі көрші елдерінің ықпалдастығы өте маңызды кезеңге қадам басты. 17 қыркүйекте ҚХР Төрағасы Қазақстан Президентіне «Жібек жолы» жобасының экономикалық белдеуін бірлесіп жүзеге асыру жөнінде ұсыныс айтқан болатын, бұл өз кезегінде Қазақстанның Қытай үшін қаншалықты маңызды серіктес екендігін көрсетеді», - деді ол.

Оның сөзіне қарағанда, алдағы жылдары Қазақстан мен Қытай ірі инвестициялық жобалар бойынша белсенді ықпалдастық жүргізетін болады.

«Қазақстанда қазіргі уақытта көптеген инфрақұрылымдық жобалар мен жоспарлар қолға алынады. Біздің қор Қазақстанға инфрақұрылымдық ресурстардың капиталын қолдауға мүдделі», - деп түйді ойын Ванг Янджи.