«Соңғы 2-3 жылдың ішінде Қазақстанның астық, қайта өңделген өнім сатудағы дәстүрлі нарығы – Орталық Азияда бәсекенің күшейіп келе жатқанын байқап отырмыз», - деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі дөңгелек үстел отырысында.
Оның айтуынша, Қазақстан Орталық Азия елдеріне жылына 5 млн тоннаға дейін астық экспорттап келді.
«Қазіргі уақытта күшейе түскен бәсекелестікке байланысты осы жылдың сәуірінен Қытай нарығын ашу бағытындағы жұмыс қарқынды жүргізіліп жатыр. Негізгі тежеуші мәселе – инфрақұрылым, өткізу мүмкіндігі. Жарты жылда шамамен 500 мың тонна астық жөнелтілді. Таяу арадағы меже – 1 млн тоннаға жеткізу. Қытай бізден 3,5 млн тоннаға дейін астық сатып ала алады», - деді Самат Тенбаев.