Оның айтуынша, бұл инвестициялардың көлемі жақын 15 жылда 12 млрд. долларға жетуі мүмкін. БҰҰ-ның даму мақсаттарын іске асыру саммитінде сөз сөйлеген ҚХР-дың басшысы біреудің мүддесінен гөрі әділдікті жоғары орынға қоятынын айтты.
Қытай көшбасшысы бірқатар ең кедей шағын аралдық мемлекеттердің қарыздарын кешіретінін айтып, уәде берді, алайда қандай мемлекеттер туралы айтылып отырғанын айтқан жоқ және қарыздың қандай көлемі жойылатынын атаған жоқ, деп жазады Би-би-си.