Еске сала кетейік, бұған дейін Қытай екі Tianhui-6 қашықтан зондылау спутнигін орбитаға шығарған еді.
Спутниктер Қытайдың солтүстігіндегі Тайюань ғарыш айлағынан «Чанчжэн-4С» зымыран-тасығышының көмегімен ұшырылған.
Ол - осы сериядағы 465-ші зымыран-тасығыш.
Tianhui-6 спутниктері географиялық ақпаратты картографиялау, табиғат ресурстарын санау мен ғылыми тәжірибе жүргізуге пайдаланылады.
Биылғы 2023 жыл - Қытай ғарыш саласы үшін жемісті жыл болмақ. Ғарышқа ұшқан спутник саны бойынша Қытай көшбасшылығы қалыпты жағдайға айналды.
Қытай аэроғарыш ғылымы және технологиясы корпорациясы биыл ғарышқа 200 ғарыш аппаратын жіберу үшін 70-ке жуық ұшыру ұйымдастыруды жоспарлап отыр.
Сол арқылы ұлттық космонавтика тарихындағы рекордын жаңартады.
Сондай-ақ қытайлық «Тяньчжоу-6» жүк кемесі «Тяньгун» орбиталық ғарыш станциясымен сәтті түйісті. Бұл туралы Қытайдың ғарышқа ұшу бағдарламалары басқармасы мәлімдеді.
Жүк кемесі станцияға отын, азық-түлік, тәжірибе жасауға арналған материалдар мен басқа да керек-жарақты жеткізген.